Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 03 Қазан, 2025

Алматыда Белград музейінің көрмесі өтеді

2025 жылғы 3 қазанда, сағат 15:00-де Алматы музейінде «Серб әйелі: ғасырлар тоғысында» атты Белград қаласы музейінің көрмесі ашылады. Қоғамдағы әйел мәртебесін айшықтап, дәріптейтін көрме Сербия тарихы мен мәдениетінің бірегей мұрасымен де таныстырады.

Көрменің ашылу салтанатына Сербияның Бірінші ханымы Тамара Вучич пен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі  қатысады.

Экспозиция Сербияның 7500 жылға жуық тарихын қамтиды. Көрме келушілерге серб қоғамындағы әйелдің орны мен рөлі қалай өзгергені туралы тың тарихи мәліметтерді ұсына отырып, әйгілі серб суретшілері, ғалымдары, спортшылары мен қоғам қайраткерлерінің өмірі мен жетістіктерінен сыр шертеді.

Экспозицияда Белград қаласы музейінің бай қорынан алынған құнды жәдігерлер – ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі археологиялық артефактілер, этнографиялық жәдігерлер, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, сондай-ақ XIX ғасырдағы серб әйелдерінің портреттері ұсынылады. Көрмені  2025 жылдың 15 қарашасына дейін келіп тамашалауға болады.

Бұл халықаралық жоба – Алматы мен Белград арасындағы музейаралық ынтымақтастықтың жалғасы ретінде ұйымдастырылуда. 2024 жылдың желтоқсан айында Белград қаласында Ханшайым Любица сарайында Алматы музейінің «Ұлы Даланың мәдени мұрасы» халықаралық көрмесі жоғары деңгейде өткізілген еді.  

? Өтетін орны: Қабанбай батыр көшесі, 132 ☎ Телефон: 8 708 820 61 79

Фото: дереккөзден алынды

531 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз