- Таным
- 03 Қазан, 2025
Қазақстан делегациясы ЕАЭО және ТМД-ның III Жастар форумына қатысты
Қазақстандық делегация 1–3 қазан аралығында Минскіде өткен ТМД-ға мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің III Жастар форумы жұмысына қатысты.
Форумға ТМД мен ЕАЭО-ға мүше барлық елдерден келген белсенді жастар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері жиналды. Қазақстан атынан студенттік жастар қозғалысының көшбасшылары сөз сөйледі.
Іс-шараның негізгі мақсаты – түрлі мемлекет жастары арасындағы диалогты дамыту, өзара түсіністікті нығайту және қазіргі заманның өзекті сын-қатерлеріне бірлесіп шешім іздеу.
Форум бағдарламасында панельдік сессиялар, стратегиялық пікірталастар, интеграцияның болашағына арналған форсайт-трек, сондай-ақ мәдени іс-шаралар мен бейресми кездесулер болды.
Форум қорытындысы бойынша мәдениет, білім, ғылым және инновация саласында жастар ынтымақтастығын одан әрі дамытуға арналған бірлескен бастамалар мен ұсынымдар әзірленбек.
Фото: gov.kz
524 рет
көрсетілді0
пікір







