- Аймақ тынысы
- 06 Қазан, 2025
Павлодарда жер қойнауын пайдалану үшін лицензиялар заңсыз ресімделген
Жер қойнауын пайдалану саласындағы прокуратура жүргізген тексеріс нәтижелері алқа отырысында қаралды, деп хабарлайды Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Облыс аумағында жер қойнауын өндіру рұқсат құжаттарынсыз жүзеге асырылып жатқаны анықталды.
Мысалы, Баянауыл ауданында «IBM Gold» ЖШС осы жылдың басынан бері экологиялық рұқсатсыз алтын мен күміс өндірумен айналысқан.
Жер қойнауын заңсыз пайдаланған тағы 11 кәсіпорын анықталды.
8 жағдайда пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстары келісімшарттық аумақтардан тыс жерлерде жүргізілген. Сонымен қатар, келісімшарттардың мерзімін заңсыз ұзарту фактілері де белгілі болды.
Аталған бағыттағы мемлекеттік бақылаудағы бұзушылықтар мен олқылықтар облыс прокуратурасының алқа отырысында талқыланды.
Отырысқа жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ экологиялық және салықтық бақылау органдарының басшылары қатысты.
Алқа қорытындысы бойынша бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесу сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының алгоритмі әзірленді.
Барлық құқықбұзушылықтар бойынша тиісті, оның ішінде іс жүргізу шаралары қабылданды.
159 рет
көрсетілді0
пікір







