Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 06 Қазан, 2025

Қарағанды облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан күдікті ұсталды

Қарағандыда полицейлер мен табиғат қорғаушылары заңсыз аңшылықпен айналысқан күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысында табиғатты қорғау полициясы мен "Карохотрыбпром" ЖШС егерьлерінің бірлескен түнгі рейді барысында заңсыз аңшылық дерегі анықталды. Түнгі сағат 2 шамасында жүргізілген шара кезінде елікті атқан екі азамат ұсталды. Тексеру барысында олардың Қарағанды қаласының 48 және 40 жастағы тұрғындары екені анықталды.

Белгілі болғандай, ер адамдар бір ғана аңшылық лицензиясын рәсімдегенімен, оны егерьлерге тіркетпей, заңда белгіленген тәртіпті бұзған. Бұл – аңшылық ережелерінің бұзылғанын растайды, себебі лицензияны тіркеу аң аулау квоталарының сақталуын бақылауға және жануарларды заңсыз атуға жол бермеуге бағытталған.

Оқиға орнын қарау барысында екі еліктің өлексесі, бір ұңғылы мылтық және бірнеше патрон айғақ зат ретінде тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
 

108 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз