Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 06 Қазан, 2025

Қазақстан ұлдар құрамасы бокстан 7 жүлде алды

Бокстан Қазақстан ұлдар құрамасы Әзірбайжанның Евлах қаласында өткен lll ТМД елдері ойындарында барлығы 7 жүлде олжалады. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.


Едіге Нұрқожа (-52 кг) күміс медаль, ал Қорғанбек Балтин (-48 кг), Жалғас Апбаз (-54 кг), Алдияр Баяндинов (-63 кг), Дарын Төлеген (-70 кг), Бауыржан Әлиакбар (-80 кг), Еркетаң Жарқынбек (+80 кг) қола медаль иеленді.


Айта кетейік, Қазақстан спортшылары lll ТМД елдері ойындарында бадминтон, нысана көздеу, семсерлесу мен күрес түрлерінен бақ сынап, жүлделі орыннан көрінді.

ІІІ ТМД ойындары 28 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Әзербайжанның 7 қаласында өтеді. Олар Гянджа, Евлах, Мингячевир, Габала, Шеки, Гёйгёль және Ханкенди. Ашылу және жабылу салтанаты Гянджа қалалық стадионында болады. Екі іс-шара да жергілікті уақыт бойынша 19:00-де басталады.

 

140 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз