- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 07 Қазан, 2025
Қазақстанда онлайн-казино жарнамасы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылды
Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов Үкімет отырысында цифрлық кеңістіктегі жаңа сын-қатерлер туралы айтты.
Атап айтқанда, жазылушылар аудиториясы кең отандық блогерлер оңай ақша іздеп, онлайн-құмар ойындарды белсенді түрде жарнамалап, оған азаматтарды тартуда.
«Осындай 37 адам анықталып, 18-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың басым бөлігі бұл қадамға білместікпен емес, жиі-жиі заң бұзуға мақсатты түрде барады. Құмар ойындарды жарнамалауға қатысты тікелей жауапкершіліктің болмауы жағдайды қиындатып отыр. Осыған байланысты біз қаржы пирамидасына ұқсас онлайн-казиноларды жарнамалауға қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынамыз», - деп атап өтті Қайрат Бижанов.
207 рет
көрсетілді0
пікір







