Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Қазан, 2025

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - басты міндет – Динара Закиева

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева өзінің Instagram парақшасында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Оның айтуынша, екі жыл бұрын, күзде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрі үшін жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын.

Содан бері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тұтас жүйені қалыптастыру үшін қажетті заңдар, мемлекеттік бағдарламалар мен қаулылар қабылданған.

Қазіргі таңда өңірлерде әкімдіктер құрылымында Балалардың құқықтарын қорғау басқармалары, отбасын қолдау орталықтары және мобильді топтар құрылған. Сонымен бірге қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қызметкерлері саны артып келеді.

Балалармен жедел әрі тікелей байланыс орнату үшін Мемлекеттік байланыс орталығы іске қосылып, мектептерде QR 111 жүйесі енгізілді.

«Бүгінгі басты міндет – қабылданған барлық шараларды сапалы жүзеге асыру», – деп атап өтті Динара Закиева.

Осы бағытта Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің жетекшілігімен мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің бірлескен ауқымды жұмысы жүргізіліп жатыр.

Балалар омбудсмені аймақтарда аталған шараларды іске асыру кезінде шешімді қажет ететін жүйелі мәселелермен қатар, қысқа мерзім ішінде оң өзгерістердің де байқалып отырғанын айтты.

Фото: ашық дереккөз

306 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз