Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 07 Қазан, 2025

Отбасы банк арендалық тұрғын үйді таратуды бастайды

Қазан айынан бастап Отбасы банк еліміз бойынша арендалық тұрғын үйді бөлу процесін бастайды, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми сайты.

Жаңа тұрғын үй реформасына сәйкес, пәтерлер азаматтардың кезекке тұрған күні мен табыс деңгейіне қарай үлестіріледі.

Кезекте тұрған азаматтар Отбасы банк сайтында жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беруі қажет.

Қиындықтар туындаған жағдайда, азаматтар ХҚКО-дағы және Отбасы банк бөлімшелеріндегі өзін-өзі қызмет көрсету аймақтарына жүгіне алады.

Назар аударыңыз:

Егер табыс туралы актуалды мәліметтер болмаса, азаматқа арендалық тұрғын үй берілмеуі мүмкін.

Фото: gov.kz

209 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз