Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 07 Қазан, 2025

Абай облысында "Қауіпсіз жол" іс-шарасы өткізіліп жатыр

Абай облысында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері 520-дан астам құқық бұзушылықтың жолын кесіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы polisia.kz-ке сілтеме жасап kazgazeta.kz хабарлайды.

Аталған шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, құқық бұзушылықтарды анықтау және жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында жол ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру. 

Облыс аумағында шамамен 3 мыңға жуық көлік құралы тексеріліп, жүргізушілер мен жолаушылардың жол қауіпсіздігі талаптарын сақтау деңгейі жан-жақты бақылауға алынды. 

Тексеру нәтижесінде жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын сақтамау, қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбау бойынша 133 құқық бұзушылық анықталды. Рейдтік іс-шара барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушылардың көлік жүргізу ережелерін сақтауын, қажетті құжаттарының дұрыстығын және көлік құралдарының техникалық жағдайын мұқият тексерді. 

Бұл ретте бірнеше бағыт бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр: жүргізушілерге арнайы жадынамалар таратылуда; жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушілер анықталды; қоғамдық көлік құралдары мен жолаушылар тасымалдау талаптарының сақталуы тексерілуде; құжатсыз немесе техникалық талаптарға сай келмейтін автокөліктер анықталуда; жол қозғалысына қатысушылармен профилактикалық түсіндіру әңгімелері жүргізілуде. 

"Қауіпсіз жол" іс-шарасы – азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған профилактикалық жұмыс. Жол қозғалысы ережесін сақтау – әрбір азаматтың басты міндеті.

141 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз