- Безбен
- 08 Қазан, 2025
ІІМ қызметке қабылдау процесіне жасанды интеллект енгізеді
Министрлікте Trust Education Company компаниясының өкілі, TrustExam.ai инновациялық платформасының әзірлеушісі Нұрали Сарбақышпен кездесу өтті.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты дамыту және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қою жөнінде ортақ ниет білдірді.
Ішкі істер министрлігі мен Trust Education Company арасындағы әріптестік кадрларды іріктеу жүйесіне интеллектуалды технологияларды енгізудің жаңа мүмкіндіктерін ұсынып, процестің ашықтығын, тиімділігін және сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
218 рет
көрсетілді0
пікір






