- Шартарап
- 08 Қазан, 2025
Үндістанда автобус апатынан 15 адам қайтыс болды
Үндістанның солтүстігінде тауда көшкін жүріп, автобусты басып қалды. Апат салдарынан 15 адам қайтыс болып, үш жолаушы ауруханаға жеткізілген.
Билік өкілдері үйінді астында тағы адамдар қалып қоюы мүмкін дейді. Экскаваторлар аршу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Моди опат болғандардың туыстарына 200 мың рупий төленетінін хабарлады. Ал зардап шеккендер 50 мың рупий алады.
448 рет
көрсетілді0
пікір







