Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 09 Қазан, 2025

Түркістан облысында Халықаралық мақта күні аталып өтті

Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев ауыл шаруашылығы санағына арналған жұмыс сапары аясында Түркістан облысына барып, Халықаралық мақта күніне орай ұйымдастырылған «Ақ дала» фестиваліне қатысты.
Сапар барысында ол облыс әкімі Нұралхан Көшеровпен бірге көрме аймағын аралап, мақта теріміне қатысты. Мереке аясында мақта өсіру және өңдеумен айналысатын шаруалар мен фермерлерге алғыс хаттар мен марапаттар табыс етілді.
Мақта – өңірдің негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының бірі әрі облыс экономикасының маңызды бөлігі. Сондықтан ауыл шаруашылығы санағына барлық аграршылардың белсенді қатысуы аса маңызды. Жиналған сапалы деректер саладағы қолдау шараларын айқындап, ауыл шаруашылығын одан әрі дамытуға негіз болады.
Еске салайық, ауыл шаруашылығы санағының екінші, офлайн кезеңі 20 қазанға дейін жалғасады.

174 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз