Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 09 Қазан, 2025

Алматыда Қазақстан композиторларына арналған концерт өтті

2025 жылдың 8 қазанында Алматы қаласында қазақстандық композиторлардың мерейтойына арналған концерт өтті. Құрманғазы атындағы халық аспаптары ұлттық оркестрінің әртістері көрерменге Евгений Брусиловский, Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев және ұлттық музыка тарихында өшпес із қалдырған басқа да тұлғалардың танымал туындыларын ұсынды, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі. 

Оркестрмен бірге Қазақстанның халық әртісі – Әлішер Кәрімов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – Жеңіс Ысқақова, Бақыт Шадаева және Саят Медеуов өнер көрсетті.

Бұл концерт – қазақ композиторларының шығармашылығын насихаттап, кейінгі ұрпаққа аманаттаған мәні зор мәдени іс-шара болды. Кеш қонақтары орындаушылардың жоғары кәсіби шеберлігі мен концерттің шығармашылық атмосферасын ерекше атап өтті.

280 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз