Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 09 Қазан, 2025

Жаңа кітапханалар, музейлер және театрлар

Алматы жаңа мәдени экожүйе қалыптастырып келеді: алдағы жылдары қалада жаңа кітапханалар, музейлер мен театрлар ашылады. Сондай-ақ, тарихи нысандар қайта жаңғыртылып, заманауи форматта жұмыс істей бастайды.

25 жылдан бері алғаш рет Қазақ мемлекеттік циркі, Н. Сац атындағы орыс балалар және жасөспірімдер театры мен «Алатау» дәстүрлі өнер театрына ауқымды қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алматыдағы кітапханалардың 97%-ы жаңғыртылды: өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі орнатылып, цифрлық технология енгізілді, ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған қолжетімді орта құрылды.

Биыл Observatorium музейі ашылады және «Райымбек батыр» музей кешенінің құрылысы аяқталады. Болашақта Сақ мәдениеті орталығын, Жастар театрын құру және 2030 жылға дейін қала бойынша 20 жаңа кітапхана ашу жоспарланған.

Фото: gov.kz

181 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз