Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 10 Қазан, 2025

Ұлттық банк араға жарты жыл уақыт салып базалық ставканы өсірді

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5%-дан 18%-ға дейін көтерді. Ресми мәліметке сәйкес, бұл қадам инфляцияны бақылауда ұстау үшін жасалған. Қыркүйек айында жылдық инфляция 12,9%-ға дейін өсіп, күткен деңгейден асып кеткен.

Банк мәлімдемесінде “бағаның бақылаудан шығып кетпеуі үшін батыл шешім қабылдауға мәжбүр болдық” деп көрсетілген.

Айта кетсек, базалық мөлшерлеме — Ұлттық банктің ақша айналымын реттейтін негізгі құралы. Ол арқылы орталық банк екінші деңгейлі банктерге несие береді немесе олардың қаражатын депозитке қабылдайды. Яғни бұл көрсеткіш — ақшаның нарықтағы құнын айқындайтын басты тетік.

Фото: дереккөзден алынды

274 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз