Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 11 Қазан, 2025

Елімізде жалпы республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтуде. Аталмыш шара ел аумағынтазартуға және өңірлерді көгалдандыруға бағытталған. 

Акция аясында бүкіл ел бойынша жаппай сенбіліктер өткізіп, аймақтардың табиғи-климаттық ерекшеліктеріне орай таңдалғанағаштар мен бұталар отырғызу жоспарлануда.

Бұл іс-шараға әрбір адам қатыса алады, ол үшін жергілікті әкімдікке хабарласып, өту орнына анықтау жеткілікті. 

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасының бөлігі. 

Оның мақсаты – қоғамның экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатқа ұқыпты қарау идеясын кеңінен насихаттау.

«Таза Қазақстан» бастамасы қоршаған ортаның тазалығына және елдің экологиялық болашағына үлес қосқысы келетіндердің барлығын біріктіреді.

129 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз