Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 12 Қазан, 2025

Лекорню қызметіне қайта оралды

 

Дүйсенбіде отставкаға кеткен Себастьян Лекорню қайтадан Франция Премьер-министрі болып тағайындалды.

Президент Эмманюэель Макрон осындай шешім қабылдады. Лекорнюдің министрлер кабинеті бұған дейін небәрі 12 сағат жұмыс істеп, бюджетке байланысты сынға ұшырап отставкаға кеткен еді. Енді қызметіне қайта оралған Лекорню жыл соңына дейін осы мәселені біржақты қылуға уәде берді.

Ал солшыл партиялар Президенттің Премьер-министрді қайта тағайындау туралы шешімін арандатушылық деп атап, сенімсіздік вотумын жариялаймыз деді.

Францияда үкімет дағдарысы мерзімінен бұрын өткен Парламент сайлауынан бері жалғасып келеді.

434 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз