Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Қазан, 2025

Ресейде Қазақстанның мәдениет күндері басталды

 

Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері ресми түрде ашылды. Шара аясында бірнеше ірі мәдени жобалар ұйымдастырылуда. Кеше қазақстандық кино күндері басталып, Третьяков галереясында «Қазақстан өнерінің жауһарлары» атты көрме ашылды.

Мәдени ынтымақтастықты нығайтатын шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Ресейдің мәдениет министрі Ольга Любимова қатысты. Көрме XX ғасырдағы Еуразиялық өнердің маңызды кезеңін қамтиды. Экспозицияда 60-тан астам кескіндеме мен мүсін туындылары қойылған. Соңғы рет Мәскеуде қазақ суретшілерінің көрмесі 1991 жылы өткен болатын. 34 жыл өткен соң, Третьяков галереясы қазақ өнерінің жауһарларына қайта есік ашты.

Көрмеде 1920 жылдардан бастап кәсіби қазақстандық кескіндеме мектебі қалыптасқан кезеңнен, қазіргі Тәуелсіз Қазақстан дәуіріне дейінгі еңбектер ұсынылған. Мәскеу тұрғындары мен қонақтары көрмені 23 қарашаға дейін тамашалай алады.

Сонымен қатар, мәдениет күндері аясында Мәскеудегі «Поклонка» кинотеатрында «Патриоттар уақыты» әскери экшн фильмі мен «1941 жылдың жазы» кинокартинасы көрсетілді. Жалпы, көрермендерге алты түрлі жанрдағы фильм ұсынылуда.

 

153 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз