Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Қазан, 2025

Алматы Бас жоспарын өзектендіруде

 

 Алматыда жекелеген құрылыстарға енгізілген мораторийді ескере отырып, Бас жоспар түзетілуде.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Алматының 2040 жылға дейінгі жаңартылған Бас жоспарын әзірлеу жұмыстары жалғасуда.

 Негізгі міндет – жасыл аймақтарды кеңейту, тауға жақын аумақтарды құрылыстан қорғау және экологиялық тұрғыдан теңгерімді қала ортасын қалыптастыру.

 Сонымен қатар жеке инвесторлар жүзеге асырып жатқан жаңа қонақүй жобалары қаралды. Қазіргі уақытта қаладағы қонақүйлердің жүктемесі 95%-ға жеткен, ал 54 жаңа жоба іске асырылу кезеңінде.

 «Сапалы инфрақұрылымсыз туристік ағынның тұрақты өсімін қамтамасыз ету қиын. Сондықтан бұл бағытта егжей-тегжейлі жұмыс жүргіземіз», – деді Дархан Сатыбалды.

 Мақсат – Алматыны тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы, жасыл әрі тартымды қалаға айналдыру.

 

 

 

 

137 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз