- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 15 Қазан, 2025
Қазақстанда парламенттік реформа бойынша онлайн-ұсыныстар жинау басталды
Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Telegram парақшасында хабарлады.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Жұмыс тобының алғашқы отырысында ел азаматтарының Парламенттік реформаны талқылауға белсенді қатысуы маңызды.
Президенттің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік e-Otinish платформасы мен eGov сервисінде азаматтардың парламенттік жүйені жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын жинау ұйымдастырылады. Азаматтар «Парламенттік реформа» атты арнайы бөлім арқылы өз ұсыныстарын жолдап, елдің саяси жүйесін жаңғыртуға үлес қоса алады.
Ерлан Қариннің айтуынша, Парламенттік реформаны мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалог арқылы жүзеге асыру Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының қағидаттарына толық сәйкес келеді.
Фото: ашық дереккөз
105 рет
көрсетілді0
пікір







