Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 16 Қазан, 2025

Ақтөбеде «Жұлдыз» облыстық арнайы балабақшасы өз жұмысын бастады

Ақтөбеде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған «Жұлдыз» облыстық арнайы балабақшасы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Балалардың дамуы мен әлеуметтенуіне жағдай жасау – қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта 2025 жылдың 2 қыркүйегінен бастап Ақтөбеде бұрын сауықтыру бағытымен жұмыс істеген санаторий типіндегі мекеме негізінде жаңа «Жұлдыз» облыстық арнайы балабақшасы өз есігін айқара ашты. Енді мұнда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға түзете-дамыта оқыту мен тәрбиелеу бағытында кәсіби көмек көрсетіледі.
Қазіргі таңда балабақшада дамуында ерекшелігі бар 136 бала тәрбиеленетін 13 топ жұмыс істейді.
Мекеме балалардың ерте жастағы дамуын қолдау, сөйлеу және танымдық қабілеттерін жетілдіру, мектепке дейінгі даярлықты қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
Балабақшада балғындардың жайлы әрі қауіпсіз өсуіне барлық жағдай бар: заманауи спорт залы, асхана, бассейн, психолог, логопед және медицина қызметкерінің кабинеттері толық жабдықталған. Сабақтарда қазіргі педагогикалық әдістемелер мен түзете-дамыта бағдарламалар тиімді қолданылады.

220 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз