Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 17 Қазан, 2025

19 жастағы футболшы Диас Төлеу матч кезінде қайтыс болды

19 жастағы футболшы Диас Төлеу матч кезінде қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан футбол федерациясы «Хан тәңірі» клубының шабуылшысы Диас Төлеудің мезгілсіз дүниеден өткенін қайғырып қабыл алды. Жастығына қарамастан, футболға деген ынтасы мен таланты арқылы көзге түскен Диастың өмірден ерте кетуі – орны толмас қаза. Бұл ауыр сәтте оның отбасының, жақындарының және командасының қайғысына ортақтасамыз. ҚФФ Диастың ата-анасына, туыстарына және барша жақындарына шын жүректен қайғырып көңіл айтады», - деп жазылған хабарламада.

882 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз