Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 19 Қазан, 2025

Бүгін – Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні

Бүгін – табиғатпен етене өмір сүріп, орман байлығын сақтап, көбейтуге атсалысып жүрген жандардың кәсіби мерекесі Орманшылар күні, - деп хабарлайды kazgazeta.kz тілшісі.

Бұл күн орман шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегін бағалау, қоғам назарын табиғатты қорғауға аудару мақсатында атап өтіледі. Орман – Жердің тынысы, тіршіліктің өзегі. Ол ауадағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығарып, экологиялық тепе-теңдікті сақтайды.

Орманшылардың еңбегі – көрінбейтін, бірақ аса жауапты іс. Олар ағаш егіп, орманды зиянкестерден қорғайды, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, аң-құстардың мекенін сақтайды. Әр отырғызылған көшет – болашақ ұрпаққа аманат етілген өмірдің нышаны.

Бүгінгі таңда орман шаруашылығы қызметкерлері – еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, табиғатты қорғау ісінің алдыңғы шебінде жүрген абзал жандар. Олардың қажырлы еңбегінің арқасында Қазақстан ормандары жылдан жылға жасарып, көркейіп келеді.

Осы мереке күні барша орман шаруашылығы саласының қызметкерлерін шын жүректен кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

Суреттерді түсірген – Досжан Балабекұлы

6222 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз