Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 20 Қазан, 2025

Токио Сурдлимпиадасында ел намысын 79 спортшы қорғайды

Биыл XXV жазғы Сурдлимпиада ойындары 15-26 қараша аралығында Токиода өтеді.

Қазіргі таңда ұлттық құрама Сурдлимпиада ойындарына дайындықтың шешуші кезеңінде. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті Серік Сәпиев айтты.

Оның айтуынша, сурдоспортшылар еліміздің абыройын халықаралық аренада абыроймен қорғап келеді.

"Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан спортшылары сегіз Сурдлимпиадаға қатысып, 42 медаль жеңіп алды, оның ішінде 8 алтын, 8 күміс және 26 қола. 2022 жылы Бразилияда өткен ойындарда ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте 13-орынға ие болды", – деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

632 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз