Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 21 Қазан, 2025

Жамбыл облысында жұмысшыларға жалақы бойынша берешек өтелді

Жамбыл облысында Байзақ ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізді.

«Байзақ су» ШЖҚ МКК қаржылық шығындарын негізсіз жоспарлау нәтижесінде ағымдағы жылдың маусым айында 18,2 млн теңгеге 146 жұмысшының алдында берешек пайда болғаны анықталды.

Прокуратураның қадағалау актісі негізінде жалақы бойынша берешек толығымен өтелді, ал кінәлі тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Биылғы жылы Жамбыл облысының прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп қабылдаған шаралардың нәтижесінде 1 213 жұмысшы алдында жалақы бойынша  241 млн теңге берешек өтелді.

Жалпы өңір прокурорлары 16 мыңнан астам жұмысшының еңбек құқықтарын қорғады.

Бұл бағыттағы жұмыс ерекше бақылауда. 

351 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз