- Безбен
- 28 Қазан, 2025
Марқакөлде 2026 жылы ірі жобалар мен жол құрылысы басталады
Марқакөл ауданында 2026 жылы жол-көлік, инженерлік және туристік инфрақұрылымды кең көлемде жаңғыртуға бағытталған ауқымды бағдарлама жүзеге асырылады. Бұл туралы аудан әкімі Рустембек Кемешев Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте хабарлады.
Аудандық маңызы бар жолдардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында екі негізгі бағытқа орташа жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде:
«Омбы-Майқапшағай-Теректі-Игілік-Шенгельді» жолының ұзындығы – 45-30 шақырым, алдын ала құны – 1 350 млн теңге;
«Күршім-Қалжыр-Ақбұлақ-Қарой-Ашалы-Қайнарлы» жолының ұзындығы – 12 шақырым, құны – 1 080 млн теңге.
Сонымен қатар, «Altai Invest-2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Қытайдың «Хэйлунцзян провинс Бада Роуд» компаниясымен Төсқайын ауылдық округіндегі жолдарды жөндеу саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
«Altai Invest-2025» форумында Марқакөл ауданы әкімдігі мен «Aila Tau» ЖШС арасында 598 млн теңгелік келісімге қол қойылды. Шағанатты ауылында марал шаруашылығына бағытталған сауықтыру кешені салынады. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі – 2026-2031 жылдар.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде екі жоба мақұлданды:
«Рахат Туризм» ӘКК – жабдықтарды жаңғырта отырып, қонақүйді қайта жаңарту;
«Айсаб» ӘКК – Ақжайлау ауылында туристерді қабылдауға арналған 8 киіз үйден тұратын этноауыл салу.
Сонымен қатар, Урунхайка ауылында жеке «Markakol Lodge» жобасы іске асырылып, 6 глэмпинг-үй салынды. Ауыл ШҚО-дағы ең үздік рекреациялық аймақ ретінде танылып, оны дамытуға 200 млн теңге бөлінді. Оның 100 млн теңгесі 2026 жылы туристік инфрақұрылымды дамытуға жұмсалады.
2026 жылы Марқакөл ауылында қуаттылығы 6 Гкал болатын орталық қазандық пен ұзындығы 12 шақырым жылу желілерінің құрылысы басталады.
Боран ауылында ұзындығы 1,8 шақырым су құбыры желілері мен 55 құдық жөнделіп, жалпы құны 200 млн теңгені құрады. Жұмысты «Айкен Құрылыс» ЖШС орындады. Қазіргі таңда әлеуметтік нысандар мен жеке үйлер жаңа жүйеге қосылуда.
Ауданда білім беру нысандары да қарқынды дамуда:
Игілік ауылында 50 орындық мектеп құрылысы аяқталды (500 млн теңге);
Қайнарлы және Төсқайың ауылдарында тиісінше 50 және 100 орындық мектептер бой көтеруде (650 млн және 960 млн теңге).
Сонымен қатар, Марқакөл ауданына еліміздің еңбек ресурсы артық өңірлерінен 8 отбасы қоныс аударды. Барлығы тұрғын үймен қамтамасыз етіліп, жұмыспен қамтылып, мемлекеттік қолдау алды. Балалары мектеп пен балабақшаларға қабылданды, ал интернеттің қолжетімділігі көптеген отбасына онлайн жұмыс істеуге мүмкіндік берді.
Фото: gov.kz
219 рет
көрсетілді0
пікір







