Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 28 Қазан, 2025

Қазақстандық құтқарушылар әлемдік сайыста топ жарды

Эр-Рияд қаласында өрт сөндіру-құтқару спортынан ерлер арасындағы XX және әйелдер арасындағы XI әлем чемпионаттары басталды. Бұл жарыстарға әлемнің 20 елінен 14 ерлер және 6 әйелдер құрама командасы қатысуда. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап kazgazeta.kz хабарлайды. 

Бірінші күні ерлер мен әйелдер шабуыл сатысымен көтерілуден сынға түсті. Жарыс алғашқы минуттардан-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең мықты спортшылар арасында қызу тартыспен басталды.

Оқу мұнарасының төртінші қабатына шабуыл сатысымен көтерілу бойынша ерлер арасында командалық есептегі жүлдегерлер:

  1-орын - Ресей Федерациясы (77,43 сек)

  2-орын - Беларусь Республикасы (80,48 сек)

  3-орын – Қазақстан Республикасы (83,15 сек)

Оқу мұнарасының екінші қабатына шабуыл сатысымен көтерілу бойынша әйелдер арасында командалық есептегі жүлдегерлер:

  1-орын - Ресей Федерациясы (42,05 сек)

  2-орын - Беларусь Республикасы (42,61 сек)

  3-орын - Қазақстан Республикасы (44,89 сек)

Жарыстарға Қазақстан ТЖМ ұлттық құрама командалары барлық сайыс түрлері бойынша қатысуда: шабуыл сатысымен көтерілу, 100 метрлік кедергілер жолағын еңсеру, 4×100 метрлік өрт сөндіру эстафетасы және жауынгерлік қанат жаю.

Чемпионат 2025 жылғы 28–31 қазан аралығында өтеді. Ертең жарыстар 100 метрлік кедергілер жолағын еңсеру кезеңімен жалғасады.

Фото: gov.kz

444 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз