- Аймақ тынысы
- 31 Қазан, 2025
Ақтауда құтқарушылар 70 адамды эвакуациялады
Бүгін таңертең ТЖМ құтқарушылары 70 адамды эвакуациялады.
Ақтау қаласының өртке қарсы қызметі көпқабатты үйлердегі екі өртке жедел ден қойып, жоғары үйлесімділік, жылдамдық пен кәсібилікті көрсетті.
Бірінші қоңырау 22-шағын ауданынан келіп, онда 5 қабатты тұрғын үйдің кіреберісінің бірінші қабатында шамамен 1 шаршы метр аумақта қоқыс өртеніп, бүкіл кіреберісті түтін басып кетті. Нәтижесінде өрт сөндірушілер 47 адам, оның ішінде 21 баланы эвакуациялап, оларды жану өнімдерімен уланудан құтқарып қалды.
Бірінші өрт енді сөндірілгенде, 39 шағын ауданындағы көпқабатты үйдің 4-қабатындағы пәтерде өрт туралы жаңа шақырту келіп түсті. Мұнда шамамен 6 шаршы метр жерде төсек-орын өртеніп, ұйықтап жатқан тұрғындардың өміріне қауіп төндірді. Өрт сөндірушілер бірден әрекет етіп, 23 адамды, оның ішінде 11 баланы қауіпті аймақтан шығарды. Өрт сөндірілді.
ТЖМ тіпті шағын өрт алаңының өзі өмір мен денсаулыққа елеулі қауіп төндіруі мүмкін екенін еске салады.
261 рет
көрсетілді0
пікір







