- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 31 Қазан, 2025
Түркістан облысында сабақ кезінде 5-сынып оқушысы көз жұмды
Прокуратура оқушының өліміне қатысты тергеу аяқталғанша дене шынықтыру мұғалімін жұмыстан шеттете тұруды ұсынды.
Қайғылы оқиға Шардара ауданындағы Қ.Аманжолов атындағы жалпы білім беру мектебінде болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқушы дене шынықтыру сабағында құлап, жарақат алған.
«Мұғалім мен мектеп фельдшері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, баланы Шардара аудандық ауруханасына жеткізді. Алайда, дәрігерлер бар күшін салғанына қарамастан, оқушы ота кезінде қайтыс болды. Оқиға облыстық білім басқармасының бақылауында», – деп хабарлады ведомство.
11 жастағы оқушының өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды.
«Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, барлық мән-жайларды анықтау үшін қажетті шараларды қолға алып жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша құқықтық баға беріліп, заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады Түркістан облысының полиция департаменті.
Фото: дереккөзден алынды
505 рет
көрсетілді0
пікір







