- ҚҰЖАТТАР
- 02 Қараша, 2025
Ақтөбеде жаңа стадионның құрылысы басталды
Еліміздегі ең үлкен футбол стадионы облыс орталығындағы «Алтын орда» әлеуметтік-іскерлік орталығының құрамына енеді.
Сонымен қатар бұл ауданда облыстық драма театры, көпфункционалды спорт кешені де салынып жатыр. Үш жоба да ел Президентінің тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Футболсүйер қауым «Ақтөбеге» жаңа стадион қажет» дегелі бірнеше жыл болды. Жаңадан салынып жатқан стадион 35 мың көрерменге арналған.
Ержан Мұздыбаев, облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:
- Стадионның жалпы аумағы 25 гектарды құрайды. Театр мен спорт кешенінің жалпы аумағы 6 гектарды құрайды. Бұл Алтын орда мөлтек ауданында. Осы жерде салынатын саябақпен қатарлас орналасқан.
135 рет
көрсетілді0
пікір







