Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 31 Қазан, 2025

Алматыда ауаны ластаған жүргізушілерге жүздеген миллион теңге айыппұл салынды

Алматыда автокөліктерден шығатын ауа ластануы мәселесіне көңіл бөлініп, қалада 19 экологиялық бақылау бекеті орнатылған.

Биылғы тоғыз ай ішінде шекті мөлшерден асатын зиянды заттар шығарғаны үшін 18 000-нан астам әкімшілік құқықбұзушылық тіркеліп, жүргізушілерге жалпы 355 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.

Қалалық экология департаментінің басшысы Дінмұхамед Лесбеков көлік техникасының жағдайы қала ауасының сапасына тікелей әсер ететінін атап өтті және көлік иелерін техникалық ақауларды үзбей жөндеуге шақырды.

Фото: kazinform

306 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз