- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 03 Қараша, 2025
Еліміздің оңтүстігінде жер сілкінісі сезілді
Ауғанстанда болған жер сілкінісі Қазақстанның оңтүстігінде сезілді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 3 қараша күні Астана уақытымен 01:29-да жер сілкінісін тіркеді.
Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Алматы қаласынан 1079 км оңтүстік-батыста, Ауғанстан аумағында орналасқан.
Сезілетіндігінің есептік қарқындылығы:
Шымкент қ. — 2 балл;
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент ауылы — 2 балл;
Жетісай қ. — 2 балл;
Шардара қ. — 2 балл.
Зардап шеккендер жоқ.
Айта кетсек, Түркия мен Армения шекарасында жер сілкінісі болды. Содан кейін Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында да жерасты дүмпуі тіркелді.
324 рет
көрсетілді0
пікір







