Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 04 Қараша, 2025

2026 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын ерте қаржыландыру басталды

Үкімет отырысы барысында Олжас Бектенов салалық министрліктер мен өңірлердің әкімдіктеріне бірқатар тапсырма берді.
Ауыл шаруашылығы министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, жасалған форвардтық келісімшарттар аясында Азық-түлік корпорациясына бидайды уақтылы жеткізу бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды. Жасақталған қор кейін еліміздің ішкі сұранысын өтеуге жұмсалады.
Келесі егін егу науқанына дайындықты қазірден бастау керек. Облыс әкімдіктері 2026 жылы кемінде 2,3 млн тонна минералды тыңайтқыш себуді қамтамасыз етулері қажет. Өнеркәсіп министрлігі егіншілерге қажетті тыңайтқыш көлемін отандық өнім өндірушілермен алдын ала пысықтап алғаны жөн. Әкімдіктер тыңайтқыштарды жеткізу үшін уақтылы шартқа отырып, қоймаларда олардың жеткілікті қорын қамтамасыз етсін.
Ауыл шаруашылығы министрлігі «Бәйтерек» холдингімен бірге 2026 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын ерте қаржыландыруды бастап кетті. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді барынша қамту үшін қаржыландырудың қолда бар құралдарын тиімді және ашық пайдалануды қамтамасыз  ету тапсырылды.
Жалпы үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге жүктелді.

362 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз