Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 04 Қараша, 2025

Премьер-министр өңірлерде спорт мектеп-интернаттарын ашу мәселесін көтерді

 

Премьер-министр спорт мектеп-интернаттарының дамуына көңіл бөлу қажет екенін атап өтті. Бірқатар өңірде, мысалы, Ұлытау, Абай, Алматы және Қостанай облыстарында әлі күнге дейін мұндай мекемелер жоқ.

«Атырау облысында спорт мектеп-интернатын салу жобасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынып жатыр. Аталған оң тәжірибені пайдалануға болады.

Астанада жеке инвестициялар есебінен құрылған инновациялық балалар орталықтарының желісін дамыту бойынша табысты тәжірибе бар. Оны басқа өңірлерде де қолдану қажет.

Спорт инфрақұрылымын дамыту қарқынын сақтап қалу маңызды», — деп атап өтті Премьер-министр.

Сонымен қатар спорт саласын цифрландыру процесін жеделдетудің маңыздылығы атап өтілді. Ол үшін ең алдымен, «Е-Sport» ақпараттық жүйесін енгізу жұмысын жандандыру қажет.

Фото: Үкімет

163 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз