Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 05 Қараша, 2025

Бейжіңде «Егемендікке 35 жыл: Қазақстанның жолы мен жетістіктері» тақырыбында фотокөрме өтті

Бейжіңдегі Қазақстанның Мәдениет орталығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылдануына арналған «Егемендікке 35 жыл: Қазақстанның жолы мен жетістіктері» атты фотокөрме өтті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Іс-шараға дипломатиялық корпустың, Қытайдың мемлекеттік органдарының, іскерлік және мәдени топтардың, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Өз сөзінде ҚР-дың ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышев Декларацияның тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы тарихи рөліне тоқталып, 35 жыл ішінде еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігі нығайып, қазақстандық даму моделі тұрақтылық пен дәйекті өрлеудің үлгісіне айналғанын атап өтті. Сондай-ақ ол «Әділетті Қазақстан» құруға бағытталған саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың жалғасып келе жатқанын назарға алды.

Фотокөрме және оның аясындағы іс-шара Қазақстан мен Қытай арасындағы достық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ екі халық арасындағы гуманитарлық диалогты кеңейтуге өз үлесін қосты.

419 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз