- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 05 Қараша, 2025
Спорт пен мәдениетті дамыту
Бүгін жұмыс сапары барысында қала әкімі Дархан Сатыбалды «CHAMP1ON» спорт кешеніне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына барды. «CHAMP1ON» спорт кешені – чемпиондар даярлайтын орталық. Мұнда жүзу, баскетбол, фитнес және триатлонмен айналысуға барлық жағдай жасалған. Орталықтың спортшылары қалалық, республикалық және халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетіп, Алматының намысын жоғары деңгейде қорғап жүр. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы – еліміздегі ең ірі мәдени және ғылыми орталық. Тарихы 1910 жылдан бастау алады. Бұл – білім мен ағартушылықтың кеңістігі, ұлттық зияткерлік мұраны сақтау орны. Қала әкімі спорттық, мәдени және бос уақытты тиімді өткізуге арналған кеңістіктерді дамытуды жалғастыруды тапсырды. Бұл, әсіресе, жастардың өзін-өзі дамытуына, демалуына және жеке әлеуетін жүзеге асыруына қосымша мүмкіндік береді.
112 рет
көрсетілді0
пікір







