- Безбен
- 06 Қараша, 2025
Бұдан былай әр шырқалған ән үшін автордың әмияны толады
Зияткерлік меншікті солай қорғамаса сазгерлер немесе оның жақындары зиян шегіп отыр.
Мәселен, Шәмші Қалдаяқовтың әндері күнде әуелейді. Телеарна мен радио, концерттер мен көңіл көтеру орталықтарында үздіксіз орындалады. Бірақ, туыстары авторлық құқықты алға тартқанның өзінде тоқсан сайын алатыны 18-22 мың теңге көлемінде. Бұл туралы әділет вице-министрі мәлім етті. Ботагөз Жақселекова басқа да өнерпаздардың бұлай басынуға болмайтынын айтып, бастама көтергенін жеткізді. Соған сәйкес зияткерлік меншік заңына өзгерістер енгізіліп, құжатты Сенат екі оқылымда қарап, қабылдады.
Фото: Ашық дереккөз
211 рет
көрсетілді0
пікір







