Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 06 Қараша, 2025

Бразилия мен Қазақстан алтын сатып алу жөнінен көш бастап тұр

2025 жылдың қыркүйегінде әлем елдерінің орталық банктері шамамен 39 тонна алтын сатып алған.

 

Алтынды ең көп сатып алған елдер:

  1. Бразилия – +15 тонна;
  2. Қазақстан – +8 тонна;
  3. Гватемала – +6 тонна;
  4. Ресей – +3 тонна;
  5. Түркия, Қытай, Чехия және Гана алтын қорын 1-2 тоннаға арттырған.

Ал Өзбекстан қыркүйекте алтын сатқан жалғыз ел болды – 4 тонна бөлек шығарған.

Жалпы, әлем бойынша қыркүйек айында таза алтын сатып алу көлемі 200 тоннаны құрады – бұл өткен жылмен салыстырғанда 7% төмен болып саналады. 

2025 жылы ең ірі сатып алушылар тізімі:

  • Польша Ұлттық банкі – 67 тонна;
  • Қазақстан Ұлттық банкі  – 40 тонна;
  • Әзербайжан орталық банкі – 38 тонна.

187 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз