Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 06 Қараша, 2025

Аудиттен кейін Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері жазаланды

Денсаулық сақтау министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының бірқатар лауазымды тұлғалары мемлекеттік аудит нәтижесінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Биыл Жоғары аудиторлық палата Денсаулық сақтау министрлігі мен оған қарасты ұйымдардың азаматтарды және ауруханаларды дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету жұмысын тексерді. 

Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер негізінде Жоғары аудиторлық палата тиісті лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды. 

Нәтижесінде мына тұлғаларға түрлі тәртіптік жазалар қолданылды: 

  • ДСМ Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры; 
  • ДСМ Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту департаментінің директоры; 
  • ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаменті директорының орынбасары; 
  • «Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығының» директоры; 
  • «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» бас директорының орынбасары; 
  • «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 

Сондай-ақ биыл 3 шілдедегі бұйрықпен «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. 

Жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палатаның басқа да ұсынымдары мен тапсырмаларын орындау жұмыстары жалғасуда.

162 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз