- Шартарап
- 07 Қараша, 2025
Алматы Лондон тұрғындарын тәнті етті
4-6 қараша күндері Лондонда ExCeL London көрме орталығында өткен World Travel Market (WTM) London 2025 халықаралық көрмесінде Алматы Қазақстанның туристік әлеуетін таныстырды. Бұл әлемдік туризм саласындағы ең ірі әрі айтулы іс-шаралардың бірі.
Қала өзін заманауи, қауіпсіз әрі шабыт сыйлайтын бағыт ретінде көрсетті. Алматы – Орталық Азияның інжу-маржаны, Іле Алатауының қақпасы, сондай-ақ мәдениет, гастрономия және іскерлік туризмнің орталығы ретінде ерекшеленді.
2025 жылдың алғашқы алты айында Алматыға 1,14 млн-нан астам турист келген, оның 320 мыңнан астамы – шетелден келген қонақтар. Ұлыбританиядан келетін туристер саны 16%-дан артық өскені байқалады.
Көрме павильонында қонақтар домбыра мен қобыздың әуенін тыңдап, қазақ батырларының театрландырылған көрсетілімін тамашалап, қазы, бауырсақ, жент және қымыз сияқты ұлттық тағамдардан дәм татты.
WTM London көрмесі жаңа іскерлік байланыстар орнатуға, сондай-ақ тұрақты туризм мен MICE және инфрақұрылымдық бағыттарды дамытуға зор мүмкіндік берді.
Фото: gov.kz
532 рет
көрсетілді0
пікір







