Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Қараша, 2025

«Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» атты деректі фильмдер топтамасы Түркияда көрсетілді

 Қазақстанныңи Ыстанбұлдағы Бас консулдығының бастамасымен және үйлестіруімен Түркияның жетекші медиа құрылымдарының бірі – «İhlas Yayın Holding» холдингіне қарасты TGRT Belgesel телеарнасының түсірілім тобы Түркістан қаласына арнайы сапар жасады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті. 

Іс-сапардың негізгі мақсаты — Қазақстанның туристік әлеуетін кеңінен таныстыру және Түркістанды түркі әлемінің рухани орталығы ретінде халықаралық аудиторияға насихаттау болды.

Ведомствоның мәліметінше, сапар барысында телеарна өкілдері Түркістан қаласының мәдени және тарихи нысандарында түсірілімдер жүргізіп, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, жаңа әкімшілік-іскерлік орталық, туристік аймақтар және киелі орындарды қамтыған бірқатар сюжеттер әзірлеген.

Түсірілім нәтижесінде Түркістанның тарихи және мәдени мұрасын қамтитын 5 деректі репортаж дайындалды. Бағдарламалар TGRT Belgesel телеарнасының прайм-тайм эфирінде қайталана көрсетілуде. Бұл Қазақстанның туристік имиджін Түркиядағы телекөрермендерге таныстыруға және оның рухани астана ретіндегі маңызын айшықтауға мүмкіндік берді.

— Түркістан — бүкіл түркі әлемі үшін тарихи әрі рухани маңызы зор қала. Біз үшін бұл қасиетті мекеннің мәдениеті мен тарихи құндылығын Түркия көрерменіне жеткізу үлкен мәртебе болды. Осы сапар екі ел арасындағы мәдени байланыстарды одан әрі нығайтады деген үміттеміз, — деп атап өтті TGRT Belgesel телеарнасының бас редакторы Саит Екен.

 

172 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз