- Безбен
- 07 Қараша, 2025
Министр Красный Яр ауылында өрт сөндіру депосын ашты
Ақмола облысының Красный Яр ауылында күрделі жөндеуден өткен өрт сөндіру депосының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және реновация жұмыстарының демеушісі болған «Altyntau Kokshetau» АҚ басшылығы қатысты.
«Мемлекет басшысының қолдауы мен бизнес өкілдерінің көмегінің арқасында біз өрт сөндіру техникасымен қамтамасыз ету және жеке құрам үшін қолайлы тұрмыстық жағдай жасау мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік алдық», — деп министр атап өтті.
Жаңа өрт сөндіру депосы Красный Яр ауылының және оның құрамына кіретін Чайкино, Нұрлы көш кенттері, Қызылжұлдыз ауылы мен шамамен 19 мың тұрғыны бар Краснояр саяжайлары аумағының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ 9 мыңнан астам халқы бар Зерендi ауданының көршілес ауылдарына да қызмет көрсетеді.
Реновация барысында қызметтік үй-жайлар, гараж бокстары, шатыр және жылыту жүйелері толық жаңартылды. Ғимарат заманауи металл сайдингпен қапталып, аумағы абаттандырылды, жаңа асфальт төселіп, брусчатка орнатылды, саябақ пен фонтан салынды.
Өрт сөндіру бөлімшесі заманауи техникамен жабдықталып, жеке құраммен толық қамтамасыз етілді. Қызметкерлердің қызмет атқаруы мен оқуы үшін барлық жағдай жасалған. Ашылу рәсімі қорытындысы бойынша өңірдің азаматтық қорғалуын дамытуға елеулі үлес қосқан жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД қызметкерлері ТЖМ ведомстволық наградаларымен наградталды.
Фото: gov.kz
244 рет
көрсетілді0
пікір







