Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 08 Қараша, 2025

Жасанды интеллект саласындағы стратегиялық әріптестік

Шанхайға жасаған жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды AgiBot компаниясының тең құрылтайшысы және техникалық директоры Пэн Чжихуэймен кездесті. Ол робототехника саласындағы жетекші инженерлердің бірі саналады.

Алматы қаласының Цифрландыру жөніндегі басқармасы, Astana Hub және AgiBot (Шанхай) арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Құжат Алматыны Орталық Азиядағы embodied AI бағыты бойынша маңызды орталық ретінде дамытуға бағытталған.

2023 жылы құрылған AgiBot «Embodiment + AI» платформасын дамытып, Yuanzheng, Lingxi және Genie атты сервистік және гуманоидтық роботтарды әзірлейді. Компания инвесторларының қатарында Sequoia, Baidu Ventures, Tencent, BYD, TCL және LG Electronics бар.

Меморандум аясында тараптар келесідей жұмыстарды жүзеге асырады:

• Алматыда Robotech R&D зертханасын құру;

• қалалық орта сценарийлері бойынша роботтарды оқытуға арналған «деректер фабрикасын» іске қосу;

• логистика, өнеркәсіп, медицина және білім беру салаларында пилоттық жобаларды енгізу;

• жасанды интеллект және робототехника саласындағы кадрларды даярлауды дамыту – оқу бағдарламаларынан бастап тәжірибеден өту және мамандар алмасуға дейінгі толық тізбекті қамту.

Фото: gov.kz

253 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз