- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 08 Қараша, 2025
Павлодарда құлаған мектеп ғимаратының астынан адамның денесі табылды
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, мәйіт бүгін таңғы сағат 4:31-де қирандылардың астынан табылған.
Құтқарушылардың ақпараты бойынша, кинологтар мен құтқарушылар апаттық-құтқару жабдықтары мен тепловизорды пайдаланып, ер адамның жатқан жерін анықтаған.
- Таңертең іздестіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін құтқарушылар мәйітті үйінді арасынан тауып алып шықты, - деп қосты Павлодар облысы ТЖД.
Естеріңізге сала кетейік, 7 қарашада Павлодарда салынып жатқан мектеп ғимаратының бір бөлігі опырылып, бірнеше адам зардап шеккен.
Фото: ҚР ТЖМ
330 рет
көрсетілді0
пікір







