Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Қараша, 2025

Астанада ғимарат опырылып, бес адам құтқарылды

Бүгін астананың Алматы ауданында, Тәуелсіздік даңғылы, 24Б мекенжайында тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінен кірпіштен жасалған сыртқы қаптама мен кондиционер қондырғысы құлады.

– Құтқарушылар келгеннен кейін ғимараттың бірінші қабатында орналасқан дүкеннің кіреберісінде 150 шаршы метр аумақта кондиционер мен қаптаманың құлағаны анықталды. Құтқарушылар жарақат алғандарды алып шығып, қаптаманың одан әрі құлау қаупін жойды. Зардап шеккендер жедел жәрдем бригадасына тапсырылды, - деп хабарлады Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.

Оқиға орнында бөлшектеу және апаттық қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Төтенше жағдайлар департаменті бес адамның жарақат алғанын, олардың ішінде балалар жоқ екенін нақтылады.

Фото: дереккөзден алынды

292 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз