- Құмсағат
- 08 Қараша, 2025
Софья Самоделкина Жапониядағы Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды
Мәнерлеп сырғанаудан Ұлттық құрама спортшысы Софья Самоделкина Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде (NHK Trophy-2025) күміс медаль жеңіп алды.
Бүгін отандасымыз еркін бағдарламадағы өнері үшін 132.25 ұпай алды. Кешегі қысқа бағдарламаны қосқанда барлығы - 200.00 балл. Бұл Самоделкинаның биылғы маусымдағы (2025-26 жыл) Гран-при турниріндегі алғашқы жүлдесі.
Фото: olympic.kz
322 рет
көрсетілді0
пікір







