Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 11 Қараша, 2025

Премьер-министр Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы аясында кеңістіктік деректерді интеграциялауды тапсырды

Премьер-министр Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы аясында кеңістіктік деректерді интеграциялауды тапсырды.
Мәселені қарау қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов салалық министрліктер мен ведомстволарға бірқатар тапсырма берді.
- Өнеркәсіп министрлігі осы жылдың соңына дейін ел аумағының 1:50 000 масштабындағы нақты геологиялық картасын жасау үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етсін.
- Өнеркәсіп министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесіп, 2026 жылы карталарды әзірлеудің заманауи әдістеріне көшу жобасын жүзеге асыруға кірісуі керек. Ол үшін озық технологиялар мен пилотсыз ұшу аппараттарын барынша пайдалану қажет.
- Өнеркәсіп министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы аясында кеңістіктік деректерді интеграциялауды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл инвесторларға жер қойнауын пайдалану саласындағы мүмкіндіктер мен шектеулерді көріп, бағалауына мүмкіндік береді.
«Қорыта айтқанда, геологиялық саланы қолдау, оны қаржыландыру көлемін ұлғайту, инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасау Үкіметтің ерекше назарында болады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Жалпы үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.

402 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз