- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 11 Қараша, 2025
«Араб тілі апталығы» Қазақстанда жұмысын бастады
2025 жылдың 11 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Сұлтан ибн Абдулазиз Әл Саудтың халықаралық тілдік дайындық бағдарламасы аясында «Араб тілі апталығы. Орталық Азия / Қазақстан» халықаралық апталығы «Исламтанулық және дінтанулық зерттеулерді жүргізудегі араб тілін үйретудің ерекшеліктері» атты шараның ашылу салтанаты өтті.
Халықаралық апталықтың ашылу салтанатына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, профессор Жансейіт Түймебаев, Қазақстан Республикасындағы Сауд Арабиясы Корольдігінің Елшілігінің үшінші хатшысы, Түрки әл-Мәлики, Сұлтан бен Абдулазиз Әл Сауд қайырымдылық қорының бас директорының орынбасары, доктор Абдулазиз әл-Мақуши мен қордың кейінгі операциялар бөлімінің бастығы, доктор Сүлейман әл-Омари, ИСЕСКО ұйымының өкілі, доктор Анас Хусам ан-Нуайми, дінтанушы, исламтанушы жәнк шығыстанушы ғалымдар, докторанттар мен магистранттар қатысты.
Жиынды Философия және саясаттану факультетің деканы философия ғылымдарының кандидаты, профессор Бекжан Мейірбаев ашып, семинардың өзектілігіне тоқталды.
«Бұл жоба Қазақстан мен Ислам әлемі арасындағы ғылыми және мәдени ынтымақтастықты тереңдетіп, араб тілін рухани және ғылыми интеграцияның маңызды құралы ретінде дамытуға бағытталған. Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы – ИСЕСКО ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ИСЕСКО ұйымымен бірнеше жылдан бері қарым-қатынас орнатып келеді. Бүгінгі Орталық Азия, соның ішінде Қазақстандағы «Араб тілі апталығы» қазіргі кезде мамандар үшін өзекті тақырыпқа, яғни «Исламтанулық және дінтанулық зерттеулерді жүргізудегі араб тілін үйретудің ерекшеліктеріне» арналып отыр. Жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан Орталық Азия, Қазақстандағы Араб тілі апталығы біздің мамандардың тілдік машықтарын жетілдіре отырып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен ИСЕСКО арысындағы байланысты тағы да тереңдете түседі деген ойдамыз», - деді декан. Жиын барысында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жанындағы ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның Бас хатшысының орынбасары Бақберген Қойшыбаев: «Араб тілін меңгеру ғылым мен өркениетті байланыстыратын алтын көпір. «ИСЕСКО аясында 2023 жылдың 11-12 қазанында Марокконың Рабат қаласында Әл-Фарабидің мұрасын ұлықтауға арналған «Адамзат тарихына Әл-Фарабидің қосқан үлесі» атты I халықаралық конференциясында ҚазҰУ арасында ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Шара барысында ҚазҰУ-дың әл-Фараби орталығы ұйымдастырған Шығыс ойшыл жайлы жазылған еңбектер мен фотокөрме өткеніне куә болдық. Әл-Фараби ат. ҚазҰУ мен ИСЕСКО арасындағы байланыстардың белсенді жалғасып, ортақ шаралардың жемісті болуына тілектеспіз» дей отырып, басталған семинардың жемісті болуына тілектестігін білдірді.
Сұлтан бин Абдулазиз Әл Сауд қайырымдылық қорының бас директорының орынбасары Доктор Абдулазиз әл-Мақуши мырза осы маңызды шараның ашылуымен құттықтады. Ол өз сөзінде: «Сауд Арабиясы мемлекетініңгуманитарлық ғылымдарға бағытталған көптеген жобаларды үйлестіруде өзінің орны бар. Бұл аталмыш жоба көптеген мемлекеттік және жекеменшік тараптар көмегімен жүзеге асырылды. Сауд Арабиясы мемлекекетінің бұл қоры көп жылдардан бері араб емес ортағаарналған оқытушыларға және шәкірттерге көптеген бағдарламаларды ұсынды. Мұндай іске көңіл бөлудің негізгі себебі араб тілі өркениетті мемлекеттер арасындағы байланыс деп білеміз. Осы ана тілі араб емес тұлғаларға арналғанкурстарды бекіту туралы алғашқы шешім Париж қаласында қабылданған. Біздің қор бағдарламаларды даярлауда араб тілін үйренушілерге курс ұсынуда белгілі бір әдістемеге сүйенуді мақсат етті. Сондай-ақ, ЮНЕСКО ұйымы аясындағы талаптарға сәйкес білім беруді жетілдіре түсеміз. Орта Азия елдеріне арналған білім беру бағдарлмамаларын жүзеге асыруды мақсат етіп отырмыз» деп атап өтті.
ИСЕСКО ұйымының өкілі, осы шарамыздың басты координаторы, дінтану және мәдениеттану кафедрасының серіктесі Доктор Анас Хусам ан-Нуайми:
«Ислам əлемінің білім, ғылым жəне мəдениет ұйымы – ИСЕСКО Бас директоры, мəртебелідоктор Салем бин Мұхаммед əл-Мəлік мырзаныңатынан сөйлей отырып, мен Қазақстан Республикасына, сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне, ИСЕСКО жəнеСұлтан бин Абдулазиз Əл Сауд қайырымдылыққорымен бірлесе отырып, осы ерекше бағдарламаны — «Сұлтан бин Абдулазиз ƏлСаудтың халықаралық тілдік дайындықбағдарламасын» ұйымдастырғаны үшін алғыс пен ризашылығымды білдіремін.
Міне, бүгін біз бұл бағдарламаның үшіншікезеңінің Қазақстанда басталуына куə болып отырмыз. Осы игі, пайдалы, мағыналыбағдарламаның табысты өтуіне еңбегі сіңгенбаршаға жүрек жарды алғысымызды білдіреміз. Бұл бағдарлама араб тілін оқыту мен қолдауда болашақтағы жаңа ынтымақтастықтарға қайырлыбастау болсын деп үміттенеміз. Себебі, білім беруүдерісі ұстаз, шəкірт жəне ғылыми-əдістемелікнегізделген оқу мазмұнынсыз толық болмайды. Бағдарлама араб тілін интерактивті тəсілменоқытуды негізге алады жəне тілдің төрт дағдысын толық қамтиды: тыңдау, сөйлеу, оқу жəне жазу. Бұл əдістеме Сауд Арабиясында жəне өзге елдерде, соның ішінде Орталық Азияда өтетіналдыңғы екі кезеңде жоғары бағаға ие болды. Бізбұл игі бастаманың Қазақстанда да жалғасарынаүміттенеміз. Ислам əлемінің білім, ғылым жəнемəдениет ұйымы – ИСЕСКО, өз құрамындағы 54 мүше мемлекетпен бірлесе отырып, араб тілінеəрқашан айрықша мəн беріп келеді. Ұйым арабтілін сақтау, дамыту жəне оны əлемдік деңгейдетаныту үшін жекелеген де, халықаралық серіктестік негізінде де көптеген бағдарламалармен ғылыми-ағартушылық жобаларды жүзегеасырды. Бұл жобалардың қатарында мыналар бар: Біріншіден:
Араб тілін өзге тілділерге оқытатынмамандарға арналған семинарлар мен оқу курстары жобасы: ИСЕСКО соңғы қырық жылішінде жеке немесе осы салаға мүдделімекемелермен бірлесе отырып, араб тілін өзгетілділерге үйрететін мұғалімдерге арналған270-тен астам семинар мен практикалық курс ұйымдастырды. Бұл бағдарламалардан сегізмыңнан астам ұстаз бен маман пайда көрді. Екіншіден: Араб тілін оқыту бағдарламаларынқолдау жəне араб тілі оқытушыларын жіберу жобасы: ИСЕСКО өткен онжылдықтар ішіндеислам əлеміндегі жəне одан тыс аймақтардағыараб жəне ислам білім беру ұйымдарынатехникалық жəне материалдық қолдау көрсетіп, араб тілін оқытатын 900-ге жуықмаманды, 29 мемлекеттен оқу орындары мен орталықтарға қызметке жіберді. Үшіншіден:
араб тілі бойынша халықаралық конференциялар,симпозиумдар жəне ғылыми форумдар жобасы:ИСЕСКО өзі немесе серіктес ұйымдармен бірлесеотырып, араб тіліне қатысты алпысқа жуықхалықаралық конференциялар мен ғылыми жиындар өткізді. Солардың соңғысы — 2024жылғы мамыр айында Катардағы Доһа тарихисөздігі орталығымен бірлесе өткізілген«Сөздіктер жəне олардың ана тілі мен өзгетілділерге араб тілін оқытудағы қолданысы: бағалау жəне дамыту» атты халықаралық форум.Төртіншіден: Араб тілін өзге тілділерге оқытуəдістемесі бойынша ИСЕСКО-ның ғылыми басылымдары: ИСЕСКО өз бетінше немесе арабжəне ислам ұйымдарымен бірлесе отырып, араб тілін өзге тілділерге оқыту саласындағы жетекші ғалымдар жазған құнды еңбектер мен арнайызерттеулер серияларын жарыққа шығарды.
Оқу бағдарламаларын əзірлеу, бағалау жəнеəдістемелік жетекшілік ету мəселелерін қамтитыносы басылымдардың жалпы саны 85 еңбеккежетті. Бесіншіден: Ұлттық педагогикалық орталықтар мен оқу-хабтар құру жобасы:ИСЕСКО араб тілін өзге тілділерге үйретусаласындағы педагогикалық тəжірибені жергілікті деңгейде дамыту мақсатында бірқатарислам елдерінде арнайы ұлттық оқу жəне оқытуорталықтарын құруды қолға алды.
Қазіргі таңда Чад жəне Малайзияда екіорталық, Өзбекстан, Бенин жəне Нигерияда үшөңірлік оқу хабы, Гвинея мен РесейФедерациясында екі университеттік кафедра,сондай-ақ Комор аралдарында ИСЕСКОпедагогикалық орталығы ашылды.
Алтыншыдан: Тілдік жəне мəдени байқауларжобасы: ИСЕСКО араб тілін үйренугеынталандыру мақсатында бірқатар халықаралық байқаулар ұйымдастырды.
Атап айтқанда: «Баян» шешендік сайысы, арабəдеби тілі бойынша цифрлық контент əзірлеубайқауы, жəне араб тілін ана тілі ретіндебілмейтіндерге арналған «ИСЕСКО-ның жасдикторы» байқауы. Жоғарыда айтылғандар арабтілін дамыту жолында ИСЕСКО жүзеге асырыпотырған жұмыстың аз ғана бөлігі. Бұл бастамаларжедел өзгеріп отырған əлемде араб тілініңқолданысын кеңейтуге жəне туындайтынқиындықтарды еңсеруге бағытталған берік қадамдар болып табылады.
Халықаралық апталық ары қарай үшкүндік жұмысын жалғасыратын болады.
244 рет
көрсетілді0
пікір






