Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 12 Қараша, 2025

Ақтауда салмағы 7 келіге жуық бала дүниеге келді

Ақтау қаласындағы “Ана мен бала” орталығында 11 қараша күні салмағы 6,690кг нәресте дүниеге келді.

Прэклампсияның ауыр дәрежесі, яғни жоғары қан қысымымен, қант диабеті және артық салмақ секілді бірнеше күрделі диагнозбен орталыққа түскен жүкті әйелді кесір тілігі арқылы босандырған. 

“Анасының бұл диагноздары балаға да әсерін береді. Мұндай балалар болашақта семіздікке, инсулинге төзімділік және өзге де ауруларға бейім келеді. Сондықтан жүктілікке дайындалып, алдын ала тексерілуден өту керек”,- делінген “Ана мен бала” орталығының хабарламасында. 

262 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз