- Аймақ тынысы
- 12 Қараша, 2025
Абай облысының Мақаншы ауданында 50 орындық қонақ үй ашылды
Абай облысының әкімі Берік Уәлидің тапсырмасымен Мақаншы ауданының орталығы Мақаншы ауылында 50 орындық «Бақ» қонақ үйі ашылды. Жоба өңірге инвестиция тарту және туризмді дамыту бағдарламасы аясында жергілікті кәсіпкер Болат Сүлейменұлының бастамасымен жүзеге асырылды.
Жаңа қонақ үй заманауи талаптарға сай және ауданға келген туристер мен қонақтарға жайлы жағдай ұсынады. Мұнда әр санаттағы қолайлы нөмірлер, кең дәліз, асхана және басқа да бөлмелер қарастырылған.
Қонақ үйдің ашылуына байланысты 30 жаңа жұмыс орны құрылып, шағын бизнестің дамуына және аудан тұрғындарының жұмыспен қамтылуына оң ықпал етті.
230 рет
көрсетілді0
пікір







